Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында цехта жарылыс болды: зардап шеккендердің барлығы қаза тапты

Алматы облысында цехта жарылыс болды: зардап шеккендердің барлығы қаза тапты
Фото: inform.kz

Қарасай ауданына қарасты Жібек жолы ауылындағы ұн өнімдерін өндіретін цех аумағында болған жарылыс кезінде зардап шеккен адамдар ауруханада көз жұмды. Бұл туралы компанияның ресми Instagram-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, төтенше жағдай 23 мамырда болған. Сол кезде бір адамның қаза тауып, төртеуі ауыр жараланғаны хабарланған еді. Олардың денесінің 80-90 пайызы күйіп, жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.

28 мамырда зардап шеккендердің барлығы алған жарақаттарынан қайтыс болды.

"23 мамырда болған қайғылы оқиға салдарынан әріптестеріміздің қаза тапқаны туралы ауыр күйзеліспен, қайғыра отырып хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

"Корпоративтік бағдарламалар аясындағы сақтандыру төлемдерімен бірге, компания тарапынан қосымша материалдық көмек көрсетіледі. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға байланысты барлық шығындарды компания өз мойнына алады. Сондай-ақ марқұм болған әріптестеріміздің артында қарыздық міндеттемелері болса, толық өтелетін болады. Әр отбасыға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, қажет болған жағдайда жеке қолдау ұйымдастырылады".

Компания марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, орны толмас қазаның ауыртпалығын бірге көтеретінін мәлім етті.

"АзияАгроФуд" АҚ басқармасы қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді