Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада мемлекеттік тілде білім алып жүрген балалардың аналарына арнап мектептерде қазақ тілі курстары өткізіліп жатыр

Астанада мемлекеттік тілде білім алып жүрген балалардың аналарына арнап мектептерде қазақ тілі курстары өткізіліп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Оқу-әдістемелік орталықтың бастамасымен елорданың бірқатар мектебінде балалары мемлекеттік тілде оқитын аналарға арнап қазақ тілі курстары ұйымдастырылуда. Жоба орыс тілді ортада тәрбиеленіп жүрген отбасыларды қолдау мақсатында жүзеге асырылып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жоба өткен жылдың қыркүйек айынан бері іске асырылып келеді. Аталған жұмыстың алғашқы нәтижелері Оқу-әдістемелік орталық пен қалалық Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тарапынан №28 мектеп-лицейінің базасында өткен «Тілдік орта: отбасы және қоғам» атты іс-шара барысында таныстырылды. Кездесуге елордалық мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты.

«Қызым екінші сыныпта оқиды. Алғашында қиналып қаламыз ба деп қорықтық. Кейін мұғалімдермен сөйлесіп, олардың қолдауын сезінген соң баламызды қазақ сыныбына бердік. Қазір өзім де курстарға қатысып жүрмін. Бұл бізге үй тапсырмасын орындауға, баламның қатарластарымен еркін араласуына көмектеседі. Жоба тек тіл үйретіп қана қоймай, ата-аналарды бір-біріне жақындатады. Біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, білімімізді бөлісеміз. Курстарға жазылу арқылы ең алдымен өзіме және балама оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесіп жатырмын. Осылайша, балаларымызға қазақ тіліне деген құрметті өз үлгі­мізбен көрсетеміз», – деді оқушының анасы Анна Гильмиярова.

Көптеген ата-ана үшін бұл курс қарым-қатынас орнататын ортаға айналған.

«Мемлекеттік тілді меңгеру мен үшін өте маңызды, себебі балам қазақ сыныбында оқиды. Қызым жаңа достар тапты, ал мен үшін әрдайым көмектесуге дайын ата-аналар мен мұғалімдер ортасы қалыптасты. Бәріміз бір мақсатқа бірге, ұйымшыл түрде қадам басып келеміз», – деді Наталья Швецова.

Жоба қала әкімдігінің, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып отыр.

«Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықты арттыру. Қазіргі таңда жобаға 16 мектептен 189 ата-ана қатысып жатыр. Сабақтар аптасына үш рет онлайн және офлайн форматта өтеді, бір сабақтың ұзақтығы – 60 минут. Бұл бастама мұнымен шектелмейді. Алдағы жылдары жобаға басқа да ата-аналар қатысады, ал қазір оқып жатқан қатысушылар төртінші сыныпқа дейін білім ала алады», – деп мәлімдеді қалалық Оқу-әдістемелік орталықтың қызметкері Жанар Сейтахметқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама аясында ата-аналар мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, баласының әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үдерісіне де белсенді түрде араласады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті