Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Айзат Жұманованың өлімі: күйеуі 14 жылға сотталды

Айзат Жұманованың өлімі: күйеуі 14 жылға сотталды
Фото: Tengrinews.kz

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өліміне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорғанда резонанс тудырған іс бойынша сот отырысы өтті. Бұл іс бойынша айыпталушы - қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат.

Сот үкімімен ол 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айыпталушыға орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді.

Ал қаза тапқан әйелдің анасы бұл жазамен келіспей, соттан күйеу баласына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап еткен болатын.

"Мен алтын асықтай қызымды қолыңа салып бердім. Қызымның қадіріне жете алмады. Қызымды азаптап, қинап, өлтірді. Ең құрығанда бір жері болса жарайды, абайсызда деп ойлар едім. Бірақ мен бұған мүлдем келісе алмаймын", – деді сотта қаза тапқан Айзат Жұманованың анасы көз жасын тыя алмай.

Қайғылы оқиға былтыр 22 маусымда Ақсу ауданында болған. Соталды тергеу деректеріне сәйкес, Баласаз ауылының тұрғыны Айзат Жұманова ауыр жарақатпен Талдықорғандағы ауруханаға жеткізіліп, кейін жансақтау бөлімінде оның қайтыс болғаны тіркелген.

Сот-медициналық сараптама ауыр жарақаттарды анықтаған: бас-ми жарақаттанған, ми ісінген, бас сүйегі негізі, аяқ-қол мен жамбас сынған, сондай-ақ, бетіндегі іздер. Туыстары әйелді арқанмен байлап, далада сүйретілгенін айтады.

Айзаттың күйеуі бұған дейін оның "селфи жасап тұрып терезеден құлап кеткенін" айтқан. Бірақ жақындары күйеуі әйелін азаптап, кейін қылмысты жасыруға тырысқан деп санайды.

Бастапқыда полиция істі ҚК 106-бап 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соғу") бойынша тергеген, кейін күдіктінің әрекеті ҚК 99-бап 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қайта сараланды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті