Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астана – Петропавл тасжолындағы жол апаты төрт адамның өмірін қиды

Астана – Петропавл тасжолындағы жол апаты төрт адамның өмірін қиды
Фото: Instagram/kokshe_city_03

Әлеуметтік желіде Астана – Петропавл тасжолында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның мән-жайы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнында түсірілген видео Instagram-дағы kokshe_city_03 парақшасында жарияланды.

Полицияның мәліметінше, жол апаты бүгін, 2026 жылғы 8 қаңтарда, Астана – Петропавл автожолында болған. Toyota Camry және Shacman маркалы көліктер соқтығысқан.

"Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Camry көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 2001 жылы туған жеңіл көлік жүргізушісі және оның үш жолаушысы – 1962, 2008 және 2011 жылы туған азаматтар оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға үндеді.

"Жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу және қауіпті маневрлер ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Мұқият болып, өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігін сақтаңыз", - деп ескертті ведомствоның баспасөз қызметі.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады