Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да екі көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында қарама-қарсы бағытта келе жатқан екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 4 адам мерт болды, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.

Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға 16 қараша күні, таңғы сағат 06:00 шамасында "Астана – Петропавл" тас жолының 384 шақырымында болған. Анықталғандай, Көкшетау қаласы жағынан келе жатқан Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен Петропавлдан келе жатқан тіркемесі бар Audi 100 көлігі соқтығысқан. Көліктерді 51 жастағы Петропавл тұрғындары басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің жүргізушісі мен Audi 100 көлігінің екі жолаушысы қаза тапқан. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады", – дейді полиция өкілдері. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады