Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шетелдік азаматтар қазақстандық полицейлерге алғыс білдірді

Шетелдік азаматтар қазақстандық полицейлерге алғыс білдірді
Фото: polisia.kz

Қырғызстан Республикасының азаматтары Бородулиха аудандық полиция қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін шынайы алғыстарын білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кейде бір сәттік мейірім мен жанашырлық ұзақ жолдың ауыртпалығын жеңілдетіп, адамға үміт сыйлайды. Осындай жүрекке жылу ұялататын оқиға жуырда Абай облысының аумағында болды. Қырғызстан Республикасының азаматтары Ресей Федерациясының Сахалин қаласынан өздерінің тұрақты мекенжайына бет алып келе жатқан. Ұзақ әрі қиын сапар жүргізушіні әбден қажытып, жол үстінде аялдап, тынығуға мәжбүр етті. Көлікте екі жасқа толмаған сәби мен аяғы ауыр ана болғаны жағдайдың маңызын арттыра түсті. Осы сәтте полиция қызметкерлері отбасының қиын жағдайына бейжай қарамай, дереу көмек көрсетті.

Ең алдымен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жылы лебіз білдірді. Отбасының жай-күйін ескере отырып, уақытша қонақүйге орналастыруды ұйымдастырып, олардың тынығып, күш жинауына жағдай жасады. Бұл әрекет қызметтік міндеттен гөрі, адамгершілік пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Көрсетілген қамқорлықты сезінген Қырғызстан Республикасының азаматтары полиция қызметкерлеріне шын жүректен ризашылықтарын білдірді. Олар қиын сәтте бейтаныс жандардың қолдау көрсетуі үлкен демеу болғанын айтып, тәртіп сақшыларының кәсібилігімен қатар, адами болмысына ерекше тоқталды.

- Біз жолда жалғыз қалмағанымызды сезіндік. Қиын сәтте қолдау көрсеткен полиция қызметкерлерінің мейірімі мен жанашырлығы көңілімізге үміт ұялатты, – деп атап өтті шетелдік азаматтар.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті