Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер шетелдік саяхатшыға жәрдемдесті

Полицейлер шетелдік саяхатшыға жәрдемдесті
Фото: Polisia.kz

Полицейлер шетелдік саяхатшыға жәрдемдесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында Көксу ауданында полиция қызметкерлері Алматы – Өскемен республикалық маңызы бар автожолында көлігі істен шыққан Түркия азаматына көмек көрсетті.

Бұл оқиға қыс мезгілінде, шетелдік саяхатшының Қазақстанға сапары кезінде орын алған. Елді мекендерден шалғай, ауа райы қолайсыз жағдайда турист ауыр жағдайға тап болды.

Патрульдік қызмет барысында тәртіп сақшылары жол жиегінде тоқтап тұрған көлікті байқап, оның тоқтау себебін анықтау үшін жақындады. Техникалық ақауды бағалай келе, полицейлер жүргізушіге көлікті жөндеуге көмектесіп, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сапарын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Шетелдік саяхатшы полиция қызметкерлерінің жеделдігі мен жанашырлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді. Ол қазақстандық полицейлердің осындай жылы қарым-қатынасы мен көмекке дайындығы ел туралы жағымды әсер қалдырғанын ерекше атап өтті.

Бұл жағдай құқық қорғау органдарының тек жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, кез келген көмекке мұқтаж азаматқа жәрдемдесуге әрдайым дайын екендігінің айқын көрінісі болды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді