Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Нидерланд әлеуметтік қашық шектеуін алып тастады

Нидерланд Корольдігінде 18 айдай уақыт өткен соң коронавирус пандемиясы жағдайында қалыпты өмірге қайтып оралуға үлкен қадам жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW сайтына сілтеме жасап.

14 қыркүйек күні Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте 25 қыркүйектен бастап корольдікте 1,5 метр әлеуметтік қашықты сақтау ережесі жойылатынын мәлімдеді. Бұл адамдардың көпшілік жиналатын концерт, театр, мейрамханалар мен дәмханаларға баруына мүмкіндік береді. Енді елдің жоғарғы футбол дивизионының матчтары 2020 жылдың көктемінен бері адам толық жиналған стадиондарда өтеді.Қоғамдық тамақтану орындары, мәдени және спорт шараларына келушілер екпе жасалғаны көрсетілген ковид құжатын немесе коронавируспен ауырғаны туралы анықтаманы, не SARS-CoV-2 вирусына анықтайтын тестінің теріс нәтижесін ұсынуы тиіс. Бұл ретте корольдік үкіметінің басшысы азаматтарды сақ болуға үндеді. «Бұл коронавирус пандемиясына дейінгі уақыт емес, себебі инфекция жұқтыру оқиғалары әлі де көп, ауруханаларда дертке шалдыққан адамдар әлі қаншама», - деді Рютте. Оның айтуынша, инфекцияның күзде қалай өрбитіні белгісіз. Ел үкіметі ковид құжатын енгізу арқылы тұрғындарды вакцина алуға ынталандырмақ. Бүгінде Голландия азаматтарының 63 пайызға жуығы екпе салдыртқан. Медицина билігінің бағалауынша, қазіргі кезде елде инфекцияның ірі ошағы – мектептер. Ауруханалардағы жағдай аздап жақсарған, бірақ әлі де күрделі болып қалуда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді