Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ең төменгі жалақы мөлшері 2018 жылдан бері өскен жоқ. Дүниежүзілік коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс халық табысына қысымды арттырды. Сонымен қатар, ең төменгі жалақы бойынша Қазақстан ТМД-дағы бірқатар елден төмен. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын.