Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ДДСҰ: Коронавирус жұқтырғандардың рекордтық саны тіркелді

Өткен аптада коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны бойынша жаңа рекорд орнатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сілтеме жасап.


Ұйым жүргізген санақ бойынша, соңғы жеті күннің ішінде COVID-19 ғаламшардың 4,6 млн астам тұрғынынан анықталған. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 6 пайыз көп. «COVID-19 вирусына шалдығу және одан қайтыс болу жаңа оқиғаларының саны өткен аптада тиісінше 6 пайыз және 4 пайызға өсті», - делінген ДДСҰ мәлімдемесінде. Соңғы аптада ауру жұқтырудың ең көп оқиғасы АҚШ-та (1,6 млн, +14%), Бразилияда (326 мың, +8%), Түркияда (194 мың, +11%) және Ресейде (194 мың, +18%). Ауру жұқтыру оқиғаларының ең көп үлесі Америка елдерінде, бұл ретте Еуропа апта ішінде тіркелген өлім оқиғаларының саны жағынан көш бастап тұр. Ұйымның жүргізген есебі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырудың 75 млн астам жағдайы және 1,6 млн астам өлім оқиғасы тіркелген. Әлемде вирус таралуының статистикасын жүргізетін Джонс Хопкинс университеті болса, вирус жұқтырған 77,8 млн және қайтыс болған 1,7 млн адам туралы мәлімет берді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады