Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Qoldau 24/7» қосымшасымен емхана таңдау құқығын білуге болады

Емханаға өз еркімен тіркелу құқығы жылына бір рет қана беріледі. Тіркелу туралы толық ақпаратты телефонға «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.

Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Президенттің тікелей тапсырмасымен ағымдағы жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларында МӘМС қорына жарна төлеуден босатылған шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санатына жататын кәсіпкерлер медицина қызметін тегін пайдалана алады. Кәсіпорын басшылары ол үшін өз қызметкерлерінің тізімін электронды форматта әр айдың 25 –інен кешіктірмей ұсынуы тиіс.  Өткен жылы тіркелген емханадан ауысқысы келмейтін тұрғындарға ешқай барудың қажеті жоқ. Олар сол емханада автоматты түрде тіркеліп тұрады. Түсінбеген сауалдарын смартфонға «Qoldau 24/7» қосымшасын жүктеп алу арқылы немесе 1406 нөміріне электронды жазба жіберу арқылы қалдыруға болады» - деді Сәбит Құралбек..

Айта кетейік,  ел азаматтарының өз таңдауымен емханаға тіркелу мерзімі жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша айы аралығында өтеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті