Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында инвестиция көлемі 88 млрд теңгеден асатын үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады

Алматы облысында инвестиция көлемі 88 млрд теңгеден асатын үй жануарларына арналған азық өндіру зауыты салынады
Фото: primeminister.kz

ҚР Президентінің Алматы облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде үй жануарларына арналған дайын жем өндіретін зауыт салу жобасы іске асырылады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-мен Қонаев қаласында зауыт салу туралы келісім жасады. Инвестицияның жалпы көлемі 88,8 млрд теңгеден асатын кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 100 мың тонна өнім.

2030 жылдың 31 желтоқсанына дейін нысанды салу және пайдалануға беру жоспарланған. Жұмыс 2031 жылдың 1 қаңтарынан басталады. Зауытта 200 жұмыс орны ашылады, оның кемінде 85%-ы қазақстандықтар үлесіне тиесілі. Сонымен қатар компания кадрларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Жобаны жүзеге асыру еліміздің өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып, қосылған құны жоғары өнімдер желісін кеңейтуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті