Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Францияның M6 арнасы түсірген Pékin Express жобасының финалы елордада көрсетіледі

Францияның M6 арнасы түсірген Pékin Express жобасының финалы елордада көрсетіледі
Фото: Астана қ. әкімдігі

Францияның M6 телеарнасы Қазақстан аумағында қыс мезгілінде толықтай түсірілген Pékin Express халықаралық шытырман оқиғалы шоуының жаңа маусымы жарыққа шығатынын хабарлады. Жобаның финалы Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Премьерасы 2025 жылғы 7 қарашада көрсетілді, бағдарлама әр жұма күндері сағат 21:10-да эфирге шығады, сондай-ақ M6+ цифрлық платформасында қолжетімді болады.

Pékin Express – бельгиялық Eccholine телекомпаниясы шығаратыр халықаралық телевизиялық формат. Жоба Франция, Испания, Италия және Бельгия елдерін қоса алғанда, әлемнің 15-тен астам мемлекетінде бар. Францияда маусымның орташа телеаудиториясы жыл сайын 2-3 миллион көрерменді құрайды, ал жекелеген эпизодтарды 4 миллионға дейін адам тамашалайды. Қосымша аудитория M6+ платформасындағы онлайн-көрілімдер мен жобаның әлеуметтік желілердегі жарияланымдары арқылы қалыптасады.2025 жылғы маусым «La Route des Glaces» («Мұз жолы») атауымен өтті.

Түсірілімдер толығымен қыс мезгілінде жүргізіліп, жобаның тарихындағы ең күрделі маусымдардың бірі болды. Финалдық кезеңдер мен жеңімпаздарды анықтау рәсімі Астанада өтті. Түсірілім тобы қаланың негізгі мәдени және сәулеттік нысандарында жұмыс істеді. Эфир барысында елорданың қысқы келбеті, көлік инфрақұрылымы және заманауи қоғамдық кеңістіктері кеңінен көрсетіледі.

Финалдық эпизодтардың көрсетілімі Қазақстанға шетелдік аудиторияның назарын айтарлықтай арттырады. M6 телеарнасындағы прайм-таймдағы көрсетілім, цифрлық платформалардағы таралым және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар қосымша ақпараттық әсер қалыптастырады. Бұл Астананың туристік бағыт әрі халықаралық тележобалар үшін тартымды алаң ретіндегі имиджін күшейтеді деп жоспарланып отыр.

Еліміздің астанасын Pékin Express «La Route des Glaces» жобасының шығарылымынан M6 телеарнасынан және M6+ сервисінен тамашалаңыз.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті