Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан УЕФА турнирлерінің финалдарын елде өткізуге дайын екенін айтты

Қазақстан УЕФА турнирлерінің финалдарын елде өткізуге дайын екенін айтты
Фото: UEFA

2028 және 2029 жылдары УЕФА клубтық турнирлерінің финалдарын өткізуге он бес ұлттық қауымдастық қызығушылық танытты. Бұл туралы УЕФА баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан 2028 және 2029 жылдары УЕФА Конференция лигасының финалын Астанадағы "Астана Аренада" немесе Алматыдағы "Алматы Аренада" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады) өткізуге ниет білдірді.

"УЕФА 2028 және 2029 жылдары УЕФА Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференция лигасы және әйелдер Чемпиондар лигасы финалдарын өткізуге он бес ұлттық қауымдастықтан қызығушылық туралы өтінімдер алғанын растайды. Қызығушылық туралы өтінімдер міндеттемелер жүктемейді, ал түпкілікті ұсыныстар өтінім құжаттамасымен бірге 2026 жылғы 10 маусымға дейін тапсырылуыға тиіс", – делінген ұйым хабарламасында.

Қызығушылық танытқан қалалар мен ареналар:


УЕФА Чемпиондар лигасының финалы, 2028 жыл

Германия, Мюнхен – "Арена Мюнхен".

2029 жыл

  • Англия, Лондон – "Уэмбли";
  • Испания, Барселона – "Камп Ноу".

УЕФА Еуропа лигасының финалы, 2028 жыл

  • Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион" немесе Париж – "Парк-де-Пренс" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады);
  • Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум";
  • Румыния: Бухарест – "Арена Националэ";
  • Сербия: Белград – "Ұлттық".

2029 жыл

  • Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион" немесе Париж – "Парк-де-Пренс";
  • Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум";
  • Румыния: Бухарест – "Арена Националэ";
  • Сербия: Белград – "Ұлттық";
  • Түркия: Анкара – "Анкара Ондокуз Майыс".

УЕФА Конференция лигасының финалы, 2028 жыл

  • Франция: Лилль – "Пьер Моруа";
  • Венгрия: Будапешт – "Пушкаш Арена";
  • Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум";
  • Қазақстан: Астана – "Астана Арена" немесе Алматы – "Алматы Арена" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады);
  • Польша: Гданьск – "Арена Гданьск".

2029 жыл

  • Финляндия: Хельсинки – "Олимпиястадион";
  • Франция: Лилль – "Пьер Моруа";
  • Венгрия: Будапешт – "Пушкаш Арена";
  • Италия: Турин – "Ювентус Стэдиум";
  • Қазақстан: Астана – "Астана Арена" немесе Алматы – "Алматы Арена" (нақты қала мен стадион өтінім бергенде анықталады);
  • Польша: Гданьск – "Арена Гданьск".

Әйелдер УЕФА Чемпиондар лигасының финалы, 2028 жыл

  • Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион";
  • Испания: Бильбао – "Сан-Мамес";
  • Швейцария: Базель – "Санкт-Якоб Парк";
  • Түркия: Стамбул – "Али Сами Йен".

2029 жыл

  • Франция: Лион-Десен – "Парк Олимпик Лион";
  • Ирландия: Дублин – "Дублин Арена";
  • Швейцария: Базель – "Санкт-Якоб Парк";
  • Уэльс: Кардифф – "Уэльс Ұлттық стадионы".

УЕФА турнирлерінің сегіз финалының иелері 2026 жылғы қыркүйекте анықталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті