Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада аяз бен көктайғақ күшейді: елорданың бас травматологы тұрғындарға үндеу жасады

Астанада аяз бен көктайғақ күшейді: елорданың бас травматологы тұрғындарға үндеу жасады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Елордада ауа райы күрт нашарлады, аяз күшейіп, көктайғақ орнап, жел екпіні артты. Осыған байланысты Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас травматологы Алексей Солод тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға және көшеде жүргенде ерекше сақ болуға шақырды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, ең алдымен аяқ киімді дұрыс таңдау маңызды. Көктайғақ кезінде биік өкшелі аяқ киімнің орнына, табаны таймайтын аяқ киім кию ұсынылады.

Сондай-ақ үйден шығатын уақытты алдын ала жоспарлап, асықпай жүру қажет. Қозғалыс кезінде шағын қадам жасап, қолды қалтаға салмаған жөн және мүмкіндігінше ауыр сөмкелер асынбау қажет, ол тепе-теңдікті ұстауға көмектеседі.

Егде жастағы адамдар ұшы резеңке немесе темір қаптамалы таяқ пайдаланғаны дұрым. Қосымша тірек ретінде шаңғы таяғын қолдануға да болады.

Мұз қатқан әрі жарықтандырылмаған жерлерден аулақ болған жөн. Егер құлаудың алдын алу мүмкін болмаса, ауыр жарақат алу қаупін азайту үшін тізені бүгіп, арқамен емес, қырынан құлауға тырысқан дұрыс.

Құлағаннан кейін бірден тұрып кетуге болмайды. Бас айналу немесе қатты ауырсыну байқалса, айналадағы адамдардан көмек сұрау қажет. Ауыр жарақат алған жағдайда дереу білікті медициналық көмекке жүгіну маңызды. Шұғыл жағдайларда ересектерге көпбейінді қалалық №3 және №1 ауруханаларда, балаларға көпбейінді қалалық балалар ауруханасы №2-де, сондай-ақ №2 емхана базасында медициналық көмек көрсетіледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті