Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қатты жел мен көктайғақ: ТЖД қауіпсіздік шаралары туралы айтты

Астанада қатты жел мен көктайғақ: ТЖД қауіпсіздік шаралары туралы айтты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғалар болмас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды сұрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, бүгін, 22 қарашада Астанада екпіні 16-21 м/с болатын жел болады, 23 қарашада көктайғақ пен желдің екпіні 15-20 м/с, ал кейде 23-28 м/с болады деп болжанып отыр.

Құтқарушылар қала тұрғындарынан далада сақ болып жүруді, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, 24 қарашада Астанада көшпелі бұлт, кейде жауын-шашын (негізінен қар), көктайғақ болады деп болжанып отыр. Оңтүстіктен соғатын жел – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Ал ауа температурасы: түнде -2-4°С, күндіз 0,+2°С.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді