Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Экономика мен әлеуметтік саланы дамыту: Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының жобасы мақұлданды

Экономика мен әлеуметтік саланы дамыту: Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының жобасы мақұлданды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы қаралды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары 22 заң жобасынан тұрды, оның 3-уіне Мемлекет басшысы қол қойды, 5-уін Парламент қабылдады, 14-і Парламенттің қарауына енгізілді. Қазіргі уақытта жоспар толық көлемде орындалды.

Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылы маңызды заңнамалық бастамалар қабылданғанын атап өтті. Медициналық сақтандыру, құқық бұзушылық профилактикасы, баламалы энергетиканы дамыту, инвестициялық қорларды реттеу және басқа да маңызды бағыттар бойынша бірқатар заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына енгізілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты қабылданған шаралар әр азамат үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Инвестициялық қорлар туралы жаңа заң жобасының ережелері капитал нарығын одан әрі тиімді дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар заң жобаларын енгізу мерзімдерінің сақталуына қатысты мәселелерге баса назар аударылды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары заң жобалау жұмыстары жоспарының уақтылы жүзеге асырылуын тікелей бақылауда ұстауы тиіс деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ бірқатар жобаға Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің ескертулерінен кейін көп өзгерістер енгізіліп, қайта пысықталуда.

2026 жылы Үкімет заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік саланың маңызды аспектілеріне қатысты негізгі бағыттарына баса мән береді. Бағыттардың бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру.

«Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет. Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар бар. Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген», — деп атап өтті Премьер-министр. 

Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына әрбір заң жобасының сапалы әзірленуін және олардың Мәжіліске уақтылы енгізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды. Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керек.

Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің заңнамалық тапсырмаларына жыл бойы мониторинг жүргізіп отыруға тиіс.

Белгіленген тәртіппен жоспарлы немесе бастамашылық жасалған заң жобаларына енгізілуін қамтамасыз ету.

Мәселені қарау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарын мақұлдады және тиісті қаулыға дауыс берді.

Жоспардың орындалуын жалпы бақылау мен үйлестіру Әділет министрлігіне жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті