Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысына қатысты

Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Фото: primeminister.kz

Серік Жұманғарин «Аманат» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысына қатысты. Диалог алаңына мемлекеттік орган, бизнес-қоғамдастық пен салалық бірлестік өкілдері кәсіпкерлікті дамытудың негізгі мәселелерін талқылау үшін бірікті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мемлекет бизнесті қолдаудың 117 құралын іске асыруда. Оның 76-сы қаржылық, 38-і қаржылық емес, 3-еуі мүліктік қолдау тетіктері. Соңғы бес жылда тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері саны 40%-ға артып, 2,3 млн бірлікке жеткен. Осы салада 4,5 млн адам жұмыспен қамтылған.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы Қанат Ибраев Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жасақтау тетігін жетілдіре түсу мәселесін көтерді. Жүйе әзірге пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Бизнес тарапынан оған қатысты әдіснамалық және техникалық мәселер әлі де бар. Ал Тізілім келесі жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алу кезінде қолданылғал отыр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Қаржы министрлігінің өкілдері Тізілімнің тәжірибелік пайдалануға енгізілгенін хабарлады. Қорда бұған дейін «қазақстандық тауар өндіруші» мәртебесі барын растаған, қолданыстағы индустриялық сертификаттардың иелері болып табылатын 1 868 кәсіпорын тіркелген. Олар енді мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығына ие.

Техникалық және әдіснамалық мәселелерді жою бойынша жұмыстарды жүйенің техникалық операторы – «Электрондық қаржы орталығы» жалғастыруда.

Сауда желілері одағының өкілі Эльбеги Әбдиев тұтынушылық кредитті қысқарту шарасы шеңберінде бөлшек сауданың, әсіресе азық-түлікке жатпайтын тауар сегментінде өсу қарқынының баяулағанына назар аударды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының бағалауынша, сауданың ЖІӨ-дегі үлесінің жоғары болуы және ондағы шағын және микро бизнесте жұмыспен қамтылғандар санының мол екендігі, сондай-ақ  бөлшек саудадағы сұраныстың азаюы кәсіпкерлердің өнімдерін өткізуге тікелей әсер етуі мүмкін.

Серік Жұманғарин бұл сауалға жауап бере келіп, соңғы жылдары тұтынушылық несие берудің артуы корпоративтік кредитке кері әсерін тигізгенін атап өтті. Ал 10 жыл бұрын жағдай керісінше еді. Бұл ретте сауда өзара байланысты салалар мен жұмыспен қамтудағы маңызды драйвер болып қала береді. Мемлекеттің міндеті – тұтынуды төмендетпей, ЖІӨ-нің өсуі есебінен тұтынушылық несиелеу үлесін қысқартып, қалыптасқан жағдайдан ақырындап шығу. Бұл міндеттің шешімі екінші деңгейдегі банктермен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Ұлттық банкпен және басқа да реттеушілермен бірлесіп әзірленеді.

«Қазақстан фарммединдустрия» фармацевтикалық және медициналық өнім өндірушілер қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов шикізат пен субстанциялардан дайын дәрі-дәрмек, медициналық бұйым, қызметке дейінгі тізбектің барлық кезеңінде денсаулық сақтау саласына бірыңғай 5% ҚҚС мөлшерлемесін  енгізуді ұсынды. Ол 2026 жылдан бастап медициналық өнімге салық салу жүйесі көп деңгейлі және күрделі болатынын атап өтті:

  • шикізат пен жабдық – 16% ҚҚС;
  • ТМККК және МӘМС аясындағы дәрі-дәрмек – 0%;
  • дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар импорты және өткізу – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.

Саладағы мұндай үлгі отандық препараттардың әкімшілік шығыны мен құнын арттырады. 5% ҚҚС бірыңғай мөлшерлемесі әкімшілендіруді жеңілдетуге, тең бәсекелестік жағдайына және бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік береді. Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексін енгізудің алғашқы нәтижесі белгілі болған соң, 2026 жылғы екінші жартыжылдықта бұл мәселені қайта қарауды ұсынды.

Сондай-ақ, отырысқа қатысушылар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары тізбесін кеңейту, оның шағын және бөлшек бизнес қызметіне, сондай-ақ импорттық өнім бағасына әсерін талқылады. Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті бизнестің бірқатар ұсынысын ескергені атап өтілді. Олар – логистика мен сақтауға жұмсалатын шығыстар шегерімге енгізіліп, ӘМАТ-тағы жаңа позициялар тізбесі қысқартылды. Мал шаруашылығын дамыту, мұнай сервистік компанияларда жұмыспен қамту, өңдеу өнеркәсібіндегі тариф белгілеуде сараланған тәсіл енгізу мүмкіндігі өз алдына бөлек қарастырылды. 

Отырыс қорытындысында Үйлестіру кеңесінің жұмысын Үкімет тарапынан Ұлттық экономика министрлігі қадағалайтыны туралы шешім қабылданды. Барлық айтылған ұсыныс, проблемалық мәселе түйінделіп, мүдделі мемлекеттік органдардың, «Аманат» партиясы мен «Атамекен» ҰКП-ның қатысуымен одан әрі пысықтауға Үкіметтің бақылауына алынады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті