Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 1,8 миллиард долларға жуықтады

Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 1,8 миллиард долларға жуықтады
Фото: Түркістан облсыының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл Түркістан облысында сыртқы сауда айналымы 1 млрд 766,5 миллион АҚШ долларын құрады  Былтырғы жылмен салыстырғанда сауда айналым 710 миллион АҚШ долларға ұлғайған. Бұл туралы өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы Айдос Қадірбердиев мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Облыс көлемінде Өзбекстан Республикасымен шектесетін 6 кеден бекеті және 2 бақылап-өткізу пункті жұмыс істейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Атамекен», «Б.Қонысбаев», «Қапланбек» және «Қазығұрт» өткізу пункттері қайта жаңғыртудан өтті. Сондай-ақ, «Атамекен» және «Қазығұрт» өткізу пункттерінің көлік жолағы 2-ден 6-ға ұлғайды. Одан бөлек, 2026 жылдың тамыз айына дейін «Жібек Жолы» өткізу пунктіндегі қайта құрылымдау жұмыстарын аяқтау жоспарланған. Аталған бекетте құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін көлік құралдарының жолағы 2-ден 4-ке ұлғаяды. Кеден бекетінің өткізу қабілетін арттыруға және кедендік рәсімдеулерді жеделдетуге бағытталған іс-шаралар нәтижесінде өткізу пункттерінен жүктердің өту уақыты 3 сағат 30 минуттан 45 минутқа дейін қысқарды. Қазіргі таңда кеден бекеттері арқылы тәулігіне екі бағытта 2000-нан астам жүк көліктері, 1500 жеңіл көлік және 40 мыңға жуық жеке тұлғалар өтеді. Одан бөлек, мұнай өнімдерін шығарудың 260 дерегі анықталып, сотпен 15,1 млн теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сондай-ақ, 24,7 тонна бензин және 35,3 тонна дизель отыны тәркіленді. Сонымен қатар, жалпы салмағы 29,2 грамм есірткі тәркіленді. Көлік құралдарының салмақтық және көлем талаптарының сақталуы бойынша 3 769 заңбұзушылықтар анықталып, 159 млн теңге айыппұл өндірілді» - деп баяндады сала маманы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті