Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының (KIND) президенті және бас директоры Ким Пок-хванмен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгін Астанада өткен кездесу қазан айында Сеулде «Alatau Rise with Kazakhstan» роуд-шоуы аясында өткен келіссөздердің жалғасы болды. Іс-шарада қазақстандық тарап Алатау смарт-қаласын елдің стратегиялық маңызды жобаларының бірі ретінде таныстырды.

«Көптеген корей компаниялары біздің келешегі зор Alatau Smart City жобамызды қолдады, бұл бізді қуантады. KIND инфрақұрылымдық құрылыс жобаларына, соның ішінде энергетика, сумен жабдықтау, су тазарту, сарқынды суларды өңдеу және су бұру, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бағыттарындағы жобаларға EPC-келісімшарттары немесе девелопмент форматы бойынша қатыса алады», — деді Қанат Бозымбаев.

Кездесу барысында тараптар логистика және порт инфрақұрылымы саласындағы өзге де әлеуетті жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Кең ауқымды ынтымақтастық әлеуетін ескере отырып, вице-премьер KIND басшысына Қазақстанда корпорация кеңсесін ашуды ұсынды.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, «Alatau City Authority» мемлекеттік қоры және Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясы арасында Alatau Smart City жобасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады