Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты

Қанат Бозымбаев Alatau City жобасының даму барысымен танысты
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алматы облысына ресми жұмыс сапары аясында Alatau City мегажобасының төрт негізгі аймағында – Gate, Golden, Growing және Green аудандарының құрылысқа дайындық барысын тексеріп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өнеркәсіптік-логистикалық және іскерлік орталықтан бастап, ғылыми-білім беру мен туристік кластерлерге дейін әр ауданның өзіндік бағыты бар.

Gate District Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің арасында орналасқан. Мұнда PepsiCo, Caspian Group, Алматы желдеткіш зауыты сияқты ірі жобалар жүзеге асырылуда. Ауданның басты орталығы – Iconic Building-1 Халықаралық бизнес дамыту орталығы болмақ. Қанат Бозымбаев ӨҚМ, облыс әкімдігі және инвесторларға бұл ғимараттың құрылысын жеделдетуді тапсырды. Оның айтуынша, бұл нысан Alatau City жобасының ресми бастамасының символына айналмақ.

Golden District Кіші Алматы және Қаскелең өзендерінің арасындағы тасжол бойында орналасқан. Бұл аймақ ғылым, білім және медицина орталығы ретінде дамытылмақ. Мұнда: K-Park мәдени-бизнес кешені, халықаралық білім беру орталығы, заманауи академқалашық, көпсалалы медициналық кластер бой көтереді. Сонымен қатар Hyundai Green Food Almaty және Mars сияқты әлемдік компаниялардың жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.

Growing District Алматы – Қапшағай автожолы бойында және Жетіген – Қазыбек теміржол желісінің маңында орналасады. Бұл аймақ экспортқа бағытталған өндірістік және логистикалық орталық ретінде дамытылады. Көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы және әуежайға жақындығы экологиялық таза өндірістерді дамытуға ерекше мүмкіндік береді.

Қанат Бозымбаев бұл жерде халықаралық Rhenus Logistics компаниясының басшылығымен кездесіп, Алатауда көлік-өндірістік хаб құрудағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Аумағы 31 730 гектарды құрайтын Green District Қапшағай су қоймасымен, Қаскелең өзенімен және Қонаев қаласымен шектеседі. Мұнда курорттық аймақтар мен саябақтар салынып, болашақта Формула-1 жарыс тасжолы, Iconic Building-2 туристік орталығы бой көтереді. Бұл аймақ Алматы агломерациясының басты туристік және демалыс орталығына айналмақ.

Жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев министрліктер өкілдері, инвесторлар, бизнес қауымдастығы, халықаралық сарапшылар және Президенттің штаттан тыс кеңесшісі Вонг Хэн Файнның қатысуымен Жобалық офис отырысын өткізді. Жиында отандық және шетелдік инвестицияларды қорғау, келісімшарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қытайдың CRDI компаниясымен бірлескен кеңес беру тетіктері, Алатау қаласының даму кеңесін құру және Alatau City Authority мемлекеттік қорының Жарғысын бекіту сияқты мәселелер қаралды. Сонымен бірге Мемлекет басшысының Алатау қаласын дамыту жөніндегі Жарлығының орындалу барысы және «Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасының орындалу барысын да талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қанат Бозымбаев жауапты мемлекеттік органдарға Алатау қаласын дамытуда кешенді тәсіл қолдануды және тиімді үйлестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті