Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Заң және тәртіп»: Астанада жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін түнгі рейд өткізілді

«Заң және тәртіп»: Астанада жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу үшін түнгі рейд өткізілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астананың Нұра ауданы аумағында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Заң және тәртіп» концепциясы аясында кезекті түнгі рейд өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Нұра аудандық полиция басқармасы жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырды. Рейд барысында құқық қорғау органдары танымал түнгі клубтар, орталық саябақ, сауда және ойын-сауық орталықтары, компьютерлік клубтарды тексерді. Мақсат – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың қатысуымен немесе оларға қатысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ белгіленген заңды уақыттан кейін жасөспірімдердің ата-анасынсыз немесе заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүруін болдырмау.

«Түнгі рейдтер қалалық құқық тәртібін нығайтуға ықпал етеді және қауіпсіз қала ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта тұрақты жұмыс жас ұрпаққа қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, тәртіптілікті арттыруға және заңға деген құрметті қалыптастыруға көмектеседі», – деді Нұра ауданы әкімдігінің ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Руслан Сабитов.

Рейд барысында ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта ересектерсіз қоғамдық орындарда жүрген 11 жасөспірімді анықтады. Жасөспірімдердің заңды өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 442-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, рейдтер кезінде полиция қызметкерлері аулаларда, көшелерде, саябақтарда, сауда орталықтарында, демалыс және ойын-сауық орындарында патруль жүргізеді. Арнайы назар жасөспірімдердің ересектерсіз көшеде жүруіне аударылады. Оларға және олардың ата-аналарына профилактикалық әңгімелер өткізіледі, әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркеледі және алдын алу шаралары жүргізіледі. Анықталған жасөспірімдер заңды өкілдеріне тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті