Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент атынан Қазақстанның энергетика кешені қызметкерлері мен ардагерлеріне наградалар табыс етілді

Президент атынан Қазақстанның энергетика кешені қызметкерлері мен ардагерлеріне наградалар табыс етілді
Фото: primeminister.kz

Энергетик күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Президенті атынан кәсіби мерекесімен құттықтап, сала қызметкерлері мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев біздің алдымызға энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндет қойды. Осы орайда, өндіріс орындарының тиімді жұмысы, шағын және орта бизнестің дамуы, коммуналдық сектордың тұрақтылығы және азаматтарымыздың тұрмыс сапасы бірінші кезекте энергетиктердің табанды еңбегімен тікелей байланысты екенін атап өткім келеді.

Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Қазақстанда еңбек адамдарына ерекше көңіл бөлінуде. Сіздердің кәсібилігіңіз бен адалдығыңыз ең жоғары құрметке лайық. Өздеріңіздің арқаларыңда маңызды өндірістік және технологиялық нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Премьер-министр энергетика саласындағы негізгі жетістіктерді атап өтті. Онда бүгінгі таңда 53 мыңнан астам маман – монтерлер, электротехниктер, инженерлер, операторлар және басқа да кәсіп өкілдері еңбек етеді. 

Еліміздің Бірыңғай энергетикалық жүйесі ірі инфрақұрылымдық кешен ретінде тұрақты режимде жұмыс істеп тұр. Биыл электр энергиясын өндіру көлемін 122 млрд киловатт-сағатқа дейін ұлғайту күтілуде (2024 жылы – 117,9 млрд киловатт-сағат).

Президент тапсырмасы бойынша электр энергетикасы саласын жаңғырту және дамыту бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесінде энергия өндіруші кәсіпорындардың жобалық қуаты мен сенімділігі артып, жылу электр стансаларының орташа тозу деңгейі 61%-ға дейін төмендеді.

«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы генерация секторына капиталдың нақты ағынын қамтамасыз етті. Мәселен, биылдың өзінде ғана электр стансаларын жаңғыртуға шамамен 350 млрд теңге бағытталды. Оңтүстік аймақтың электр желісін күшейту және Батыс Қазақстанның энергия жүйелерін Бірыңғай энергетикалық жүйемен біріктіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру басталды.

Премьер-министр 2025 жыл энергетика саласы үшін сапалы өзгерістерге толы болғанын атап өтті. Жалпы міндет – жинақталған тәжірибені сақтау және арттыру.


Марапатталғандар:

 

«Құрмет» орденімен
 


  • Жүніспек Байдықпаев – еңбек ардагері, «Ақмола электржелілік үлестіру компаниясы» АҚ-ның жетекші инженері;
  • Тақтомыс Баенбаев – «МАЭК» ЖШС жөндеу зауытының слесарі;
  • Ниязбек Омарбеков – «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС бас энергетигі;
  • Михаил Филатов – «Алматы жылу жүйелеі» ЖШС электр слесарі.

 

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен


  • Ермек Әбдірахманов – «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО аға шебері;
  • Шыңғыс Елеуов – «Энергосистема» ЖШС Қобда ЭЖУ электр монтері;
  • Валерий Ерема – «Өскемен ЖЭО» ЖШС технигі;
  • Бақытбек Жусанбай – «Қарағанды Жарық» ЖШС шебері;
  • Сейілбек Құсайынов – «Qarmet» АҚ электр монтері;
  • Станислав Мисюра – «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» ЖШС ауысым бастығы;
  • Болатбек Суанбеков – «Алматы электр стансалары» АҚ аға шебері;
  • Мейрамғали Сүлейменов – «Біріккен энергосервистік компания» АҚ Пригородный АЭЖ көлік жүргізушісі;
  • Әбдіжалел Юсупов – «Қызылорда электр желілерін тарату компаниясы» АҚ Жаңақорған АЭЖ электр монтері.

 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен




  • Болат Абдулов – «Атырау жылу желілері» ЖШС электрмен және газбен дәнекерлеушісі;
  • Бақыткелді Агусов – «Ақтөбе Су-Энерго Групп» АҚ слесарі;
  • Серікжан Байбатыров – «Біріккен электржелілік компаниясы» АҚ электр слесарі;
  • Талғат Бопанов – «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС ЖЭО-3 электрмен және газбен дәнекерлеушісі;
  • Владимир Виноградов – «ШахтинскЖылу» ЖШС ауысым бастығы;
  • Елена Ганчева – «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС бөлім бастығы;
  • Нұрсұлу Ерубаева – «Шардара СЭС» АҚ менеджері;
  • Бауыржан Жантасов – «KEGOC» АҚ «Алматы АЭЖ» филиалы директорының орынбасары;
  • Дархан Мұсабаев – «Өскемен ЖЭО» ЖШС химсутазалау шебері;
  • Владислав Пучков – «Qarmet» АҚ жерасты электр слесарі;
  • Қайрат Сарбасов – «Тараз энергия орталығы» АҚ слесарі;
  • Қайрат Сариев – «Атырау жылуэлектрорталығы» ЖШС электрмен дәнекерлеушісі;
  • Қамбар Сарин – «Ақтөбе Су-Энерго Групп» АҚ кезекші электр монтері;
  • Евгений Соколов – «Кристалл Менеджмент» АҚ слесарі;
  • Сергей Сударев – «Шахтинск Жылу» ЖШС стансасының ауысым бастығы;
  • Ғалым Тәжиев – «Жамбыл электр жүйелері» ЖШС  Красногорск аудандық электр жүйелерінің электр монтері;
  • Мереке Темірбаев – «KEGOC» АҚ Атбасар АЭЖ электр монтері;
  • Әлмұхан Тілеубергенов – «КЕGОС» АҚ «Сарыбай жүйеаралық электр желілері» филиалының электр монтері;
  • Сәдуақас Түсіпбеков – «Теплокоммунэнерго» МКК бөлім бастығы;
  • Андрей Уркунов – «Қарағанды Энергия орталығы» ЖШС 3-ЖЭО қазандық жабдықтарының аға машинисі;
  • Валерий Фурсов –   «Астана-аймақтық электржелілік компаниясы» АҚ кран машинисі;
  • Данат Хафизов – «Алматы электр станциялары» АҚ «Энергоремонт» ӨЖК электр слесарі;
  • Андрей Циндренко – «СКЗ-U» ЖШС электр монтері;
  • Ғалым Шабаров – «Севказэнерго» АҚ электр монтері.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті