Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада «Үздік» жобасының қорытындысы шығарылды

Жұмысшы мамандықтар жылы: Астанада «Үздік» жобасының қорытындысы шығарылды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанадағы Maqsut Narikbaev University-де жұмысшы мамандықтарды дамытуға бағытталған «Үздік» жобасының қорытындысы шығарылды. Ауқымды жоба Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жобаны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – жастардың кәсіби дағдыларын дамыту және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

«Алты ай бойы 15 бағыт бойынша байқаулар өткізілді. Жас қатысушылар әртүрлі кәсіби салада өз шеберліктері мен қабілеттерін көрсетті. Олардың қатарында жүргізушілер, шиномонтажшылар, аспаздар, флористер бар. Бүгін байқауларда үздік нәтиже көрсетіп, алғашқы үш орынға ие болған жастар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады», – деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметінің жетекшісі Анара Мұрзабаева.

Байқауға қатысушы Иван Подручный да өз әсерімен бөлісті.

«Мен хаус-мастер мамандығында оқимын, алайда бұл жолы байқауға ағаш ұстасы ретінде қатыстым. Үздік атандым. Сонымен қатар, сантехник мамандығын да меңгеріп жүрмін. Алдағы уақытта өзімді басқа да жұмысшы мамандықтарда сынап көргім келеді. Қолымнан бірнәрсе жасап шығару өте қызық», – деді ол. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді