Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Болашақтың зауыттары мен заманауи технологиялар: Астанадағы Индустриялық паркте жастарға не көрсетілді

Болашақтың зауыттары мен заманауи технологиялар: Астанадағы Индустриялық паркте жастарға не көрсетілді
Фото: Астана қ.әкімдігі

«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы және Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Жасыл Ел» жасақтарының жауынгерлеріне елордалық Индустриялық паркте кәсіби бағдарлық экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық инвестицияларды дамыту орталығы – Astana Invest қолдауымен өтті. Экскурсияның басты мақсаты – жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, өндірістік салаға қызығушылықты ояту және кәсіби бағдар беру. Экскурсия бағдарламасы аясында келесі кәсіпорындарға бару жоспарланған:құрылыс материалдарын өндіретін зауыттар;металл конструкцияларын жинау кәсіпорындары;автоматтандырылған технологиялық желілер.Зауыт инженерлері мен басшылары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жастардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ қатысушыларға индустриялық паркте жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат берілді.

«Экскурсияға 14-18 жас аралығындағы 100-ден астам жас қатысты. Олар – «Жасыл Ел» жасақтарының жауынгерлері, мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Біз төрт кәсіпорында болдық. Олар құрылыс материалдары мен металл конструкцияларын өндіретін, сондай-ақ жоғары технологиялы автоматтандырылған желілермен жабдықталған зауыттардың жұмысымен танысты. Бұл – жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды», – деді жоба басшысының орынбасары Асылбек Абдурашитов.

Астана қаласы әкімдігінің Жастар саясаты басқармасының басшысы Самат Ибраев жастарды экологиялық және әлеуметтік маңызды іс-шараларға тартудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінгі экологиялық акцияның негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, оларды еңбекке баулу, табиғатқа ұқыпты қарау және қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін сіңіру. Біз тек айтып қана қоймай, жұмысшы еңбегінің маңызын нақты іспен көрсетуді көздедік», – деп түсіндірді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады