Ср, 07 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтарына арналған көрмені тамашалады

Елордалық мектеп оқушылары жұмысшы мамандықтарына арналған көрмені тамашалады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордадағы М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Әдемі әлем» жұмысшы мамандықтарының көрмесі өтті. Қала мектептерінің оқушылары жұмысшы мамандықтар бойынша студенттердің жұмыстарын және шеберлік сабақтарын тамашалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрмеге қойылған жұмыстардың барлығы осы саладағы кәсіптерге тән қажырлы еңбек пен ұрпақтар сабақтастығы философиясын көрсетті. Іс-шара елорда мектептерінің түлектері мен олардың ата-аналарын шығармашылық салада мамандар дайындайтын астаналық техникалық және кәсіптік оқу орындарымен таныстыруға бағытталған.

«Мектеп оқушылары үшін көрме ұйымдастырылып, онда сұранысқа ие 7 мамандық ұсынылды. Іс-шара оқушыларға мамандықтарды тереңірек білуге және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға мүмкіндік беретін шеберлік сыныптары мен көрсетілімдерді қамтыды. Мұндай бастамалардың басты мақсаты – мектеп оқушыларының бағыт-бағдарын анықтауға көмектесу ғана емес, сонымен қатар, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Көрмеге елордалық 300-ге жуық оқушы жиналды», - деді ұйымдастырушы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Арайлым Сапарәлі.

Келушілер «Шаштараз ісі», «Тігін өндірісі және киім үлгілеу», «Дизайн», «Гүл өсіру» мамандықтары бойынша колледж оқытушылары мен студенттерінің шығармашылық жұмыстарын тамашалады. Көрмеде керамика, гүл композициялары, ұлттық киімдер, шеберлік сабақтары ұсынылды.

«Осындай көрмеге қатысқаныма қуанып отырмын, өйткені бұл – түлектерге болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін керемет бастама. Ұйымдастырушылар барлық саланы мерекелік және шығармашылық жолмен жеткізді, бұл мамандықтарды тану үдерісін қызықты етеді. Мұнда ұсынылған көптеген сала бар, олардың әрқайсысы өзінің ерекшелігін айқын көрсетеді. Өзім көптеген алаңды аралап шықтым және осы мамандықтардың қыр-сырын, артықшылықтарын білгеніме қуанып отырмын», - деп өз әсерімен бөлісті мектеп оқушысы Надыржан Темірболат.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді