Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстанда Жайдарманның ең үздік командалары бақ сынады

Батыс Қазақстанда Жайдарманның ең үздік командалары бақ сынады
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастар Рухы» жастар қанатының БҚО филиалы ұйымдастырған Жайдарман ойындарының финалдық кезеңі жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл кеш күлкі мен тапқырлыққа, сахналық мәдениет пен жастардың шығармашылық әлеуетіне толы болды.Финалдық додада облыстың әр түкпірінен жиналған үздік командалар өзара бақ сынасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Әр команда өзіне тән стилі мен өткір әзілдері арқылы ерекшеленіп, әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болуға тырысты.

Тартысты өткен сайыстың нәтижесінде ерекше өнерімен, шынайы әзілдерімен және сахнадағы сенімді ойынымен көзге түскен Тасқала ауданының “Жұдырық” командасы жеңіс тұғырынан көрініп, бас жүлдені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, Ақжайық ауданының “Тайпақ” құрамасы екінші орынды иеленсе, “Казталов” және “Қаратөбе” құрамалары үшінші орынды қанағат тұтты.

Жайдарман – бұл жай ғана ойын емес, ол жастардың ой еркіндігін, тапқырлығын, командалық рухын және сахналық мәдениетін дамытатын бірегей алаң. Осындай жобалар арқылы жастардың шығармашылық әлеуеті артып, қоғамдағы белсенділігі нығая түсетіні сөзсіз.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады