Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда жасырын есірткі зертханасы әшкере болды

Ақтауда жасырын есірткі зертханасы әшкере болды
Фото: Polisia.kz

Ақтауда "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жасырын фитозертхананы анықтады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

11 наурызда Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында 52 жастағы ер адам ұсталды. Тексеру барысында оның күртесінің қалтасынан қойма кілттері табылды. Анықталғандай, күдікті сол қоймада есірткі затына жататын өсімдіктерді заңсыз өсірген. Жиһаз цехының қойма ғимаратын тексеру кезінде мына заттар тәркіленді: • есірткі қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы, • 11 сіріңке қорабына салынған марихуана тұқымдары, • электрондық таразылар, • отырғызылған өсімдіктері бар 14 гүл құмырасы, • 35 түп марихуана, • 35 жарық шамы, • 3 желдеткіш, • 1 термометр, • тыңайтқыштар, • 2 ауа тартқыш құрылғы. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктердің құрамында есірткі заттары бар. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады