Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Республикалық пәндік олимпиадаға 90 мыңдай ауыл оқушысы қатысуда

Республикалық пәндік олимпиадаға 90 мыңдай ауыл оқушысы қатысуда
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Бірінші республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі қатысты.

Ғани Бейсембаев Ақмола облысындағы №1 Қоянды жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларымен кездесті. Еліміздің бас ұстазы қатысушылар алдында сөз сөйлеп, алдағы зияткерлік сайыста сәттілік тіледі.

«Пәндік олимпиадалар – бұл сіздердің алғашқы ғылыми ізденістерге жол ашатын, ғылымның әр түрлі саласында өз дарындарыңызды айқындауға мүмкіндік беретін ауқымды сайыс түрі. Бүгін сіздермен бірге еліміздің шалғай аймақтарындағы 90 мыңға жуық оқушы мектеп қабырғасында алған барлық білімдері мен дағдыларын көрсете алады. Пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Биылғы жылы 23 оқушымыз ең беделді халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. Келесі жылы солардың қатарында сіздер де болатындарыңызға кәміл сенемін», - деді министр.

Ауыл мектептеріне арналған Республикалық олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. Бұл бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға және шалғай елді мекендердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған. Мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілетін анықтау және қолдау білдіру, сондай-ақ, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдар алуына жағдай жасау.

Олимпиада жаратылыстану–математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарды қамтитын 13 пән бойынша өткізіледі. Бастапқы кезеңге қатысу үшін оқушылар аuyl.daryn.kz сайтында тіркелуден өтті. Нәтижесінде 90 мыңнан астам оқушы қатысуға ниет білдірді. ІІ іріктеу кезеңі желтоқсан айында өткізіледі. Тапсырмалар дәстүрлі олимпиадалық тапсырмалар түрінде онлайн-платформада беріледі. III республикалық кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай мектепке қабылданады.
Қорытындысында қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылдың ақпан айында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылып, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді