Қазақстандық оқушылар Барселонада өтетін халықаралық STEM олимпиадасының гранд-финалында ел намысын қорғайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласында тарихи оқиғаға арналған пресс-конференция өтті – алғаш рет сегіз қазақстандық мектеп оқушысы Барселонада өтетін беделді халықаралық International STEM Olympiad 2025 олимпиадасының гранд-финалына жолдама алды.Цифрландыру мен технологиялық трансформацияның қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан STEM-білімін дамытуға басымдық беруде – бұл ғылым, технология, инженерлік ойлау және математика салаларын біріктіретін бағыт. Мұндай тәсіл оқушыларға түрлі пәндер арасындағы өзара байланыстарды көруге мүмкіндік береді және болашақ экономикада қажетті дағдыларды меңгеруге септігін тигізеді.STEM бағытын насихаттауда маңызды рөл атқаратын іс-шаралардың бірі – STEM Academia ұйымдастыратын және Астана қаласы әкімдігінің, «Astana Innovations» АҚ, «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және Білім басқармасының қолдауымен өтетін жыл сайынғы олимпиада. Бұл тек конкурс емес, болашақ инженерлер, бағдарламашылар және зерттеушілер үшін старт алаңы.Өткен жылы олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елдерінен 260-тан астам қатысушы мен 78 команда қатысқан. Қатысушылар робототехника, инженерия, бағдарламалау және 3D-моделдеу сияқты пәндер бойынша өзара сайысқа түсті. Сайыстардың қорытындысы бойынша Павлодар, Астана және Алматы қалаларынан Қазақстанның намысын International STEM Olympiad 2025 гранд-финалында қорғауға қатысатын сегіз мықты оқушы таңдап алынды.
STEM мәдениетін насихаттаудың маңыздылығы туралы ROQED AI негізін қалаушы Мағжан Қыстаубаев та сөз қозғады.
Осы бастаманы қолдағандар қатарында дарынды балалар мен жастармен жұмыс істейтін «Астана дарыны» орталығының басшысы Жанар Бейсенбаева да бар.
Олимпиаданың финалистері өз жоспарларымен де бөлісті.