Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада есірткі зертханасы жойылып, үш қылмыстық топ ұсталды

Астанада есірткі зертханасы жойылып, үш қылмыстық топ ұсталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Есірткі бизнесі қоғамдық қауіпсіздікке төнетін ең үлкен қатерлердің бірі болып қала береді. Ол халық денсаулығына, әлеуметтік тұрақтылыққа және ұлттық қауіпсіздікке елеулі зиян келтіреді. Елордада синтетикалық есірткі айналымына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыс туралы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, елордадағы есірткінің негізгі көзі – жасырын есірткі зертханаларында өндірілетін синтетикалық заттар. Оларды жасау оңай әрі интернет арқылы тез таралуы салдарынан мұндай есірткілер қала ортасына жылдам еніп жатыр. Осыған байланысты полицияның жеке құрамына есірткі зертханаларын анықтау және есірткі таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу міндеті қойылған.

«Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалып, департаменттің барлық бөлімшесіне жолданды.Биыл арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет арқылы есірткі саудалаған үш ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды.Сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіретін бір есірткі зертханасы жойылды. Қылмыстық схемалардың барлық қатысушысы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Әлия Қибатқызы.

Жыл басынан бері синтетикалық есірткіге қатысты 698 іс тіркелген. Оның 207-сі – қылмыстық сипаттағы факті, оның ішінде 138-і – есірткі сату деректері. Заңсыз айналымнан 45 келіден астам синтетикалық зат алынды.Елорда полицейлері күнделікті интернет-кеңістікті бақылап, есірткі жарнамасы мен сатылымына қатысты заңсыз контентті анықтап отырады.Нәтижесінде 1 263 интернет-ресурс бұғаттауға жолданған.Сонымен бірге есірткі қылмысы үшін пайдаланылған 2 564 банк картасы бұғатталды. Оларда айналған жалпы сома – 55,6 млн теңге. Есірткіні насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактілері бойынша ҚР ҚК 299-1-бабы бойынша 13 қылмыстық іс қозғалды.11 наурыздан бастап ҚР ӘҚБтК-нің 440-1-бабы күшіне енді. Ол есірткіні медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырады. Осы уақыт ішінде 683 адам жауапкершілікке тартылып, олардың 510-ы әкімшілік қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті