Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген

Алматыдағы комьюнити орталықтарға жарты миллионнан астам жас келген
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылы 10 айда қаланың комьюнити орталықтарында 2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, олар 535 мың жасөспірім мен жас азаматты қамтыды. Бұл туралы Алматы қаласының жастар саясаты басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде әкімдіктің жобалық кеңсесінің қолдауымен қаланың 11 комьюнити-орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықтарда жастарға психологиялық және заңгерлік көмек, жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар және кәсіпкерлік бойынша кеңес беру қызметтері тегін көрсетіледі. Сондай-ақ, олар бастамасы мен жобасын дамыту үшін коворкинг-аймақтарын пайдалана алады.

Осы кезең ішінде 16 мыңнан астам жас, атап айтсақ, шамамен 10 мыңы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша, 6 мыңы психологиялық және құқықтық қолдау бағытында кеңес алған. Жыл соңына дейін тағы бес комьюнити орталықты іске қосу жоспарланған.

Бұған қоса, қала бойынша 100 демалыс орталығы жұмыс істейді, онда жастар шығармашылық және спорттық үйірмеге, шеберхана мен секцияға қатыса алады. Жыл басынан бері жоспарланған 20 нысанның 14-інде жаңғырту жұмыстары аяқталды. Қалған орталықтарды жаңарту жыл соңына дейін толық аяқталмақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады