Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы процесінің Техникалық сарапшылар тобының отырысы Алматыда өтті

Алматы процесінің Техникалық сарапшылар тобының отырысы Алматыда өтті
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Алматыда көші-қон деректерін басқару мәселелері бойынша Алматы процесінің Техникалық сарапшылар тобының отырысы өтті. Іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық көші-қон ұйымы мен БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасын танытатын Алматы процесі Хатшылығымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған Алматы процесінің мүше мемлекеттері мен бақылаушы елдердің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен сараптамалық институттардың мамандары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Отырыста қатысушылар көші-қон деректерін басқарудың ұлттық тәжірибелерін, ақпараттың салыстырмалылығы мен қолжетімділігі мәселелерін, сондай-ақ процестердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу бағыттарын талқылады. Пікірталастың жеке бөлімі еңбек көші-қонына, жұмысшы мамандықтар туралы ақпараттың қолжетімділігіне, білікті кадрларға сұранысқа және өңір елдері арасындағы кәсіби жіктемелерді үйлестіруге арналды.

Отырыста сөз сөйлеген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Эльмира Тажиханова 2025 жылғы 24-25 сәуірде Бакуде басталған жұмыстың осы кездесуде жалғасып отырғанын және ол 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес өткізіліп жатқанын атап өтті.

«Бүгін талқылап отырған тақырып – көші-қон деректерін стандарттау және жетілдіру – іргелі мәселе. Еңбек нарықтарындағы жедел өзгерістер мен білікті кадрларға сұраныстың артуы жағдайында сапалы деректердің болмауын техникалық мәселе ретінде қарастыра алмаймыз. Бұл – мемлекеттердің көші-қон саясатының тиімділігіне әсер ететін стратегиялық міндет», – деді ол.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар көші-қон деректерін стандарттау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, 2026 жылға жоспарланған Алматы процесіне қатысушы елдердің жоғары лауазымды тұлғаларының алдағы кездесуіне арналған ұсынымдарды әзірлеу жұмысын жалғастыруға келісті.

Алматы процесі өңір мемлекеттерінің ұзақ мерзімді мүдделеріне және фактілік деректерге негізделген көші-қон саясатын қалыптастыруға ықпал ете отырып, көші-қон мәселелері жөніндегі диалогты дамытуға арналған негізгі өңірлік платформа болып қала береді.

Еске сала кетейік, Алматы процесі 2013 жылы құрылған және оған бес қатысушы мемлекет – Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркия, сондай-ақ Иран, Италия, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан және Түркі мемлекеттері ұйымы секілді бірқатар байқаушы елдер кіреді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті