Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның Еңбек министрліктерінің өкілдері EPS жүйесі аясындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның Еңбек министрліктерінің өкілдері EPS жүйесі аясындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің өкілдері онлайн-форматта келіссөздер жүргізіп, олардың барысында Қазақстанды Оңтүстік Кореяның «Employment permit System» жүйесіне енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Бұл қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ оларға тең еңбек жағдайлары мен құқықтарды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Кездесуге Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев, Еңбекмині Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаментінің директоры Саадат Асансеитова және Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің Шетелдік жұмыс еңбегі жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Мюнг Сунг Хон қатысты.

Асқарбек Ертаев кездесуге қатысушыларға EPS жүйесі шеңберінде кореялық дайындық орталығын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабарлады.

Қазақстанда EPS орталығын ашу мүмкіндігін талқылай отырып, тараптар жемісті және сындарлы өзара іс-қимылға, сондай-ақ еңбек көші-қоны шеңберінде екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты