Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

208 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады

208 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстанда ел алдындағы айрықша еңбегі үшін немесе төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен азаматтарға қосымша әлеуметтік көмек ретінде республикалық бюджеттен ай сайын арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай – АМЖ) төленеді. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, оның алушыларының саны 207 780 адамды құрады, оларға 22,3 млрд теңге төленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

Бұл мемлекеттік қолдау түрі Қазақстанда 1999 жылы енгізілді және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

АМЖ алуға құқылы азаматтардың 17 санаты Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген. Олардың қатарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен басқа мемлекеттердің аумағында өткен әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер; Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген азаматтар; Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгерлердің әйелдері мен қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы мүшелері; «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болғандар; тыл еңбеккерлері; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқандар; саяси репрессиялардың құрбандары, мүгедектігі бар адамдар немесе зейнеткерлер; Қазақстан Республикасы алдындағы ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалғандар және басқа да азаматтар.

Жәрдемақы мөлшері алушының санатына байланысты және 2,13-тен 138,63 айлық есептік көрсеткішке (әрі қарай – АЕК) дейін өзгеріп отырады. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері жыл сайын АЕК мөлшерінің артуына байланысты, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіп бойынша көтеріліп отырады,-делінген хабарламада.

Айта кету керек, егер азамат бірнеше негіз бойынша АМЖ алуға құқылы болса, жәрдемақы тек олардың біреуі бойынша, өз таңдауы ескеріліп төленеді.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар да ҚР азаматтарымен тең дәрежеде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. АМЖ тағайындау үшін өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарында беру керек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті