Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны қағып кетті

Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны қағып кетті
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында пойыз бірнеше жылқыны қағып кетті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 476 фактісі тіркелді, оның ішінде адамдардың болуы себебінен – 110, темір жол төсемінде үй жануарларының болуына байланысты – 281 және басқа да себептермен пойыз жүрісі шұғыл тоқтатылған. Теміржол бойында мал жайғаны үшін 130 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 11 мамырда Ақмола облысы Жамантұз – Бурабай станцияларының аралығында “Петропавл–Алматы” бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі теміржолдағы жылқыларды байқап, соқтығысуды болдырмауға тырысып, шұғыл тежеуді қолданды. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан 7 жылқыны қағып кетті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 23 минутты құрады.

Көкшетау станциясында желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жылқылардың иесін, Ақмола облысының 48 жастағы тұрғынын анықтады.

Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Дәл сол күні Ақмола облысының Сарыоба – Еркіншілік аралығында да осындай жағдай болды. “Астана – Павлодар” бағытындағы электр пойызының астына 5 бас жылқы түсті. Бұл жағдайда да мал иесі анықталып, теміржол жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көлік полицейлері үй жануарларының иелеріне мұқият болуды және теміржол жолағында мал жаймауды тағы да ескертеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты