Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыдағы көпқабатты үй тұрғындары алаңдаулы: әкімдік пікір білдірді

Алматыдағы көпқабатты үй тұрғындары алаңдаулы: әкімдік пікір білдірді
Фото: Tengrinews.kz / Никита Данилин

Алматының Зерделі шағынауданындағы тұрғындар төрт қабатты үйі құлап кетеді деп қауіптеніп отыр. Жағдайға қала әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алатау ауданындағы Зерделі шағынауданында орналасқан 1/49-үйдің тұрғындары ғимараттың іргетасының жағдайына байланысты алаңдайтынын айтты.

"Біз бірнеше рет ПИК (КСК -еск.) мен әкімдікке жүгіндік, бірақ әлі нақты шаралар қабылданған жоқ. Бізге "мәселе қаралып жатыр" деп айтады, алайда үйдің жағдайы күннен-күнге нашарлап барады", – деді тұрғындардың бірі.

Тұрғындардың айтуынша, төрт қабатты үйдің қасбетінде және үйді айнала құйылған бетон/асфальт жолақта жарықтар пайда болған, және олар одан әрі бұзылу салдары өте ауыр болуы мүмкін деп алаңдайды.

Анықтама: Асфальт жолақ – ғимаратты айнала өтетін су өткізбейтін жабын. Әдетте ғимараттың бүкіл периметрі бойымен құйылған бетон немесе асфальт жолақ болады, еңісі (уклон) ғимараттан сыртқа қарай жасалады. Еңіс кемінде 1 пайыз және 10 пайыздан аспауға тиіс. Оның негізгі міндеті – жаңбыр мен еріген қар суынан топырақтың суға қанығуына жол бермей, іргетасты ылғалдан қорғау. Топырақ суға тым қанықса, іргетас көтере алмай қалады.

Бұл жағдай бойынша пікір алу үшін әкімдіктің баспасөз қызметіне жүгіндік. 2023 жылы басқарушы компания "Виконгрупп" ЖШС жер асты кәріз құбыры зақымдалуына байланысты апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген.

"Жұмыстар аяқталғаннан кейін ғимараттың бүлінген жері қалпына келтірілмеген", – деп хабарлады әкімдік.

2025 жылғы қарашада тұрғындар Алатау ауданының әкімдігіне ресми өтініш жолдаған. Бұл өтініш басқарушы компанияның жұмысын тексеру үшін коммуналдық инфрақұрылым басқармасы мен тұрғын үй инспекциясына жолданған, өйткені бұл олардың құзыретіне кіреді.

"Сонымен қатар, Алатау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері ғимаратқа барып, көзбен шолу арқылы тексеру жүргізді. Тексеру нәтижесінде ғимараттың қисайған жері анықталған жоқ. Қазір тұрғындардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін көзге көрінетін деформациялар да байқалмады", – деді әкімдіктен.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, жағдай бақылауда, ал басқарушы компаниямен түсіндіру жұмыстары жүргізілген: оларға үйдің бүлінген жерін қалпына келтіру, сондай-ақ мамандандырылған ұйымды тарта отырып, ғимарат конструкцияларының техникалық зерттеуін жүргізу тапсырылған.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті