Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әуежайында көлік полицейлері біренше смартфон ұрлаған азаматтың жолын кесті

Алматы әуежайында көлік полицейлері біренше смартфон ұрлаған азаматтың жолын кесті
Фото: Polisia.kz

Алматы әуежайында көлік полицейлері біренше смартфон ұрлаған азаматтың жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2025 жылғы 15 қыркүйекте Алматы әуежайындағы көліктегі полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері бұрын сотталған 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, құны қымбат телефондарының ұрлығымен айналысқан. Ұрлықпен айналысқан азамат әуе компаниялардың бірінің жүк бөлімінде жұмыс істей жүріп,  мамыр және шілде айлары аралығында Стамбұлдан келетін смартфондарды қолды етіп жүрген.

Көлік полицейлерінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары мен кәсіби біліктілігінің арқасында күдікті деп танылған азаматтың қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Аталған азамат жалпы 33 телефонды ұрлаған. Ал келтірілген залалдың жалпы сомасы 7 664 315 теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу барысында залал толық көлемде өтелді. Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Көліктегі полиция департаменті көлік инфрақұрылымы нысандарындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтар мен ұйымдардың мүлкіне қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді