Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік полицейлері синтетикалық есірткі заттарын өткізудің жолын кесті

Көлік полицейлері синтетикалық есірткі заттарын өткізудің жолын кесті
Фото: Polisia.kz

Көлік полицейлері аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын өткізудің жолын кесті, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам синтетикалық есірткі заттарын кейін сату мақсатында дозаға бөліп, жасырып жатқан сәтінде қылмыс үстінде қолға түсті. Оның айтуынша, тексеру барысында ұсталған азаматтан жалпы салмағы 14 грамм болатын синтетикалық есірткінің 17 дозасы табылып, тәркіленді. Заңнамаға сәйкес, бұл мөлшер аса ірі көлем болып саналады. Көлік полицейлерінің кәсіби әрекеттерінің нәтижесінде қауіпті психотроптық заттарды тарату арнасының жолы кесілді.

— Аталған факт бойынша Қарағанды — Сұрыптау станциясындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен айыпталушыға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп атап өтті полиция полковнигі.

Уақытылы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде синтетикалық есірткінің қауіпті партиясының қара нарыққа түсуіне жол берілмеді. Сарапшылардың бағалауынша, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында тыйым салынған заттардың зиянды әсерінен кемінде 50 адамның өмірі сақталып қалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады