Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі

ІІМ бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі
Фото: pixabay.com

ІІМ "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысын жалғастыруда. Соңғы аптада Қазақстанның бірнеше қалалары мен облыстарында операциялар жүргізілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 кг мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды. Сондай-ақ бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды автокөлікпен тасымалдаған екі азамат ұсталды. Абай облысында 27 жастағы ер адам құрықталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 кг болатын алты орам гашиш тастамақ болған. Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден астам гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған. 

- Нәтижесінде бір апта ішінде 29 адам қамауға алынды. 110 келіден астам есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден астам синтетика, 9 кг гашиш, 22 кг марихуана және 68 грамм кокаин. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді