Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бір аптада 83 есірткі қылмысы анықталды: 750 келіден астам есірткі тәркіленді

Бір аптада 83 есірткі қылмысы анықталды: 750 келіден астам есірткі тәркіленді
Фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған "Заң және Тәртіп" қағидатын іске асыруды жалғастыруда. Өткен апта ішінде елдің түрлі өңірлерінде есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты бірқатар құқықбұзушылықты анықтап, жолын кесті, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпы 83 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде: 63 өткізу дерегі; аса ірі көлемде сақтаудың 8 дерегі; 1 ұйымдасқан қылмыстық топ; құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсірудің 7 фактісі. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы көлемі 750 келіден асты, оның ішінде 6 келіден астам синтетикалық заттар алынды, бұл "қара нарықтағы" 18 мыңнан астам дозаға тең. Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Атырау қаласынан a-pvp синтетикалық есірткісінің ірі партиясын алып келген 20 және 37 жастағы екі ер адамды ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің бірінің тұрғылықты мекенжайында 1,2 келіден астам синтетикалық есірткі, сондай-ақ таразы, қаптама материалдары мен буып-түюге арналған құралдар тәркіленді. Алматы қаласында жедел іс-шаралар барысында 44 жастағы ер адамның басқаруындағы автокөлік тоқтатылып, жүк салғышынан ұнтақ тәрізді зат салынған төрт пакет табылды. Сараптама нәтижесінде заттың жалпы салмағы 1,35 келі мефедрон екені анықталды. Күдіктінің бұл заттың бір бөлігін достарымен бірге тұтынғаны, қалғанын шамамен 5 млн теңгеге сатуды көздегені белгілі болды. 

- Барлық күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткі қылмыстарымен күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде және елдің барлық өңірлерін қамти отырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті