Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан тұрғынға қатысты тергеу аяқталды

Қарағанды облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан тұрғынға қатысты тергеу аяқталды
Фото: Polisia.kz

Қарағандылықтарды алдап, жалпы құны 10 миллионнан астам шығын келтірген азамат енді сот алдында жауап береді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында полицейлер интернет арқылы алаяқтықпен айналысқан 27 жастағы қала тұрғынына қатысты тергеуді аяқтады. Тергеу барысында жиналған айғақтар мен дәлелдер негізінде айыптау қорытындысы жасалып, іс сотқа жолданды. Тергеу материалдарына сәйкес, 2020 жылы қаржылық қиындыққа тап болған азамат әлеуметтік желілерді пайдаланып, заңсыз жолмен табыс табудың айла-шарғысын ойлап тапқан. Ол instagram желісінде "тапсырыс бойынша жиһаз жасаймын" деген парақша ашып, жұрттың сеніміне кірген.

Күмәнді боп көрінбеу мақсатында ол өзінің қылмыстық пиғылынан бейхабар жұмысшылар бригадасымен келісімшарт жасап, олардың еңбекақысын алданған клиенттерден түскен алдын ала төлем есебінен төлеуді көздеген. Бір қарағанда бәрі заңды көрінгенімен, оның басты мақсаты – пайда табу болған. Ол тапсырыстар қабылдап, келісімшарт жасап, алдын ала төлем алып отырған. Артынша тек аздаған материал сатып алып, жұмыс басталғандай көрініс жасағанымен, тапсырысты аяқтауға еш ниеті болмаған. Ал уақыт озған сайын түрлі сылтау айтып, "жеке мәселелер", "жұмысшы жетіспеушілігі" секілді себептерді алға тартқан. Осылайша 2020 жылдан 2023 жылға дейін өз қылмыстық әрекетін жалғастырған жалған кәсіпкер 22 адамды алдап, 10 миллионнан астам материалдық шығын келтірген. Полиция тұрғындарды қырағы болуға шақырады. Тауар мен қызметті тек сенімді сатушылардан алу, күмәнді түрде арзан ұсыныстарға сенбеу және бейтаныс адамдарға толық көлемде алдын ала төлем жасамау – басты сақтық қағидаларының бірі. Күдік тудыратын жағдайлар болса, дереу полицияға хабарлау қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті