Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қарағанды облысында есірткі саудасымен айналысқан интернет-дүкен иесі ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы бағытталған жедел іс-шара барысында полицейлер ірі интернет-дүкеннің иесін ұстады. Полиция департаменті "Заң мен тәртіп" қағидатын жүзеге асыру шеңберінде есірткі қылмыстарын анықтау және олардың алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыруда. "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы кезінде Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді.

Жеке тінту барысында күдіктіден екі iPhone телефоны, 200 мың теңге көлемінде ақша және шамамен 2 грамм ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді. Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 100 грамға жуық, ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек анықталды. Тергеу нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы заңсыз қызмет жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап отырған. Сондай-ақ оның қала аумағында бірнеше есірткіге жасырын орындар ұйымдастырғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта полицейлер осы қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жалғастыруда. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады