Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағандыда полицейлер интернет-алаяқтарға SIM-карталар жеткізген күдіктіні ұстады

Қарағандыда полицейлер интернет-алаяқтарға SIM-карталар жеткізген күдіктіні ұстады
Фото: Polisia.kz

Қарағандыда полицейлер интернет-алаяқтарға SIM-карталар жеткізген астаналықты ұстады, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысының полицейлері интернет-алаяқтыққа қатысы болуы мүмкін қылмыстық әрекеттің жолын кесті. Астана қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 20 жастағы елордалық тұрғын ұсталды. Ол жаппай заңсыз түрде SIM-карталарды қосып, сатумен айналысқан деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары бұл әрекеттің интернет-алаяқтардың қызметіне тікелей қатысы барын жоққа шығармайды.

Тергеу кезінде күдікті әлеуметтік желілер арқылы оңай табыс табу туралы ұсыныс алып, қылмыстық схемаға қосылғанын мойындады. Бастапқыда белгісіз адамдар оған жеке аккаунтын сатуды ұсынған, кейін SIM-карталарды заңсыз сатумен айналысуға итермелеген. Жеңіл табысқа қызыққан жас жігіт келісіп, жүзден астам SIM-картаны өткізіп үлгерген. Алдын ала деректер бойынша, ұсталған азамат шамамен 110 SIM-картаны заңсыз сатқан. Қазіргі таңда полицейлер істің барлық мән-жайын анықтап, қылмыстық топтың өзге қатысушыларын әшкерелеу және келтірілген шығынды есептеу бағытында тергеу амалдарын жалғастыруда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті