Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының Түрксіб ауданына жұмыс сапары барысында «Жас Қанат» тұрғын үй кешенінің тұрғындары аулаларды абаттандыру және балалар алаңын орнатқаны үшін алғыс айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кішкентай алматылықтардың өтініші бойынша мұнда заманауи балалар ойын алаңы мен футбол алаңы салынды. Бұдан бөлек, демалыс аймағы ұйымдастырылып, жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, орындықтар орнатылды. Жоба кәсіпкердің қолдауымен жүзеге асырылды. Тұрғындар сондай-ақ, электрмен жабдықтау, ПИК және кіреберістердің жай-күйі бойынша да сұрақ қойды. Әкім барлық қызметтің қатысуымен жалпы жиналыс өткізіп, мәселелерді жүйелі түрде шешуді тапсырды. Жалпы аумағы 100 гектардан асатын «Желтоқсан» саябағы да қаралды. Жарықтандыру жұмыстары аяқталды, суару жүйесін орнату жалғасуда. Қала басшысы жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтап, инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды, - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
