Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық әуежайды жаңғырту ағымдағы жылдың көктемінде басталады

Елордалық әуежайды жаңғырту ағымдағы жылдың көктемінде басталады

Астана қаласының әуежайында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен ұшу-қону жолағын қайта жаңартуға дайындық мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Әуежайдың қолданыстағы ұшу-қону жолағы 20 жыл бұрын пайдалануға берілген және осы уақытқа дейін тек аэродром жабындарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ұшу-қону жолағын қайта құру әуежайды инвесторға сенімгерлік басқаруға беру кезіндегі негізгі және бірінші кезектегі міндеттердің бірі болды.

Terminals Holding компаниясы алдағы дайындық және құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесі туралы хабардар етті, оған сәйкес қайта құру жұмыстары наурыз айының соңына дейін басталады деп жоспарлануда.

Айта кету керек, жобаны іске асыру инвестордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады және 2025 жылдың көктемінде аяқталады.

Ұшу-қону жолағын қайта құру ұшу қауіпсіздігін арттырады және әуе айлағының транзиттік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

Өз кезегінде министрлік әуежайда рейстерді тоқтатпай жұмыс жүргізу қажеттігі туралы айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады