Алматының Туризм күні биыл маусым айында Гонконгта 20-шы MICE Travel Expo-мен біріктірілген International Travel Expo (ITE) 39-шы халықаралық туристік көрме аясында өтті. Іс-шара барысында шетелдік компаниялармен ынтымақтастық туралы 30 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Алматы қаласының туризм басқармасына сілтеме жасап.
Ол өткен жылы Гонконг билігінің Қазақстанға ақпаратттық тур ұйымдастырғанын еске салды.
Гонконг статистика департаментінің дерегінше халық саны шамамен 7,5 миллион тұрғын болса да, 2024 жылы өңір жұртшылығы Жапония мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын бағыттар бойынша жиі сапарға шығып, 104 миллионнан астам әуе қатынасын пайдаланған.
ҚХР Гонконгтағы АӘА мен Макаодағы Қазақстан Бас консулының міндетін атқарушы Камиль Бекенов Гонконгта көшпелі туризм нарығының қарқынды өсіп келе жатқанын айтты.

Алматы қаласының туризм басқармасы Орталық Азияның бірегей туристік орталығы ретінде шаһарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті. Статистика бойынша 2025 жылдың бірінші тоқсанында Алматыға ҚХР-дан 20 мыңнан астам турист келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 39% көп.
Осыны ескере отырып, Қытаймен әуе қатынасы дамып келеді. Қазірдің өзінде Алматы-Гуанчжоу тікелей рейсі іске қосылды, биыл Шанхай бағыты бойынша әуе жолы ашылады. Чэнду-Бейжің әуе қатынасын кеңейту бойынша жұмыс қолға алынған.
«Әуе қатынасының артуы Алматының Орталық Азияның бірегей туристік орталығы ретінде тартымдылығынан болса керек. Туристер санының ұлғаюын ескере отырып, әуе қатынасы белсенді дамып келеді. Мұның бәрі екі ел арасындағы мәдени және туристік қарым-қатынасты нығайтуда үлкен мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Алматы қаласы туризм басқармасының бас маманы Алмас Ақпаев.
Айта кетейік, Халықаралық туристік көрме 2025 жылдың 12-15 маусымы аралығында Гонконгта өтті. Іс-шараға 64 ел мен аймақтан 500-ден астам туристік компания мен ұйым келді. Көрмеге 70 мыңнан астам адам, оның ішінде 7 600-ден астам сала маманы қатысты. Қазақстанды ҚР Гонконгтағы Бас консулдығы, Алматы туризм басқармасы және бірқатар қазақстандық туроператор таныстырды.
Қаланың туризм басқармасы ұйымдастырған Алматы стенді интерактивті бағдарламаға толы болды, мұнда домбырашылар өнер көрсетті, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сағаттары өтті, ұлттық костюмдер бейнеленген фото және қазақ гастрономиялық аймақтары көрмеге келгендердің назарын еркеше аударды. Көрме барысында Алматы өкілдері шетелдік туроператорлармен, туристік агенттіктермен және БАҚ-пен 100-ден астам кездесу өткізді.