Алматы стенді Азияның Сеулдегі SITF 2025 ең ірі халықаралық туристік көрмесінде үздіктердің бірі болып танылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
5-8 маусым аралығында өткен іс-шараға 70 елден 800-ге жуық туристік сала өкілдері қатысты. Біздің стенд өзіне ерекше назар аудартып, «Үздік дизайн» құрметті марапатына ие болды. Көрмеге келген қонақтар домбырашылардың өнерін тамашалады, шеберлік сыныптарында, ұлттық киімдер түсірілген фото және гастрономиялық аймақтарда болып, қазақ мәдениетімен танысты. Алматыға қатысты VR-тур ерекше танымалдыққаие болды.Бұл іс-шара қаланы бірегей туристік бағыт ретінде ілгерілетудегі маңызды қадамға айналды. Оның аясында ынтымақтастық туралы 30 келісімшартқа қол қойылды және 21 мыңға жуық турист тартылады деп күтілуде.Айта кетейік, Алматыға деген қызығушылық артып келеді: 2024 жылы Кореядан келген туристер саны 3,2% - ға артты.