Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндалды.

Ерболат Досаевтың баяндамасынан:

қала экономикасының қарқынды өсіп, қысқа мерзімді экономикалық индикатор жыл басынан бері 13,5 пайызға көтерілген;

өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны (+21%)  бойынша Алматы елімізде тұрақты түрде бірінші орында;

мегаполис экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;

жеке инвестициялардың өсімі 7,3 пайызды құрады;

белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 341 мыңға дейін жетіп, 25,8 пайызға артты;

республикалық бюджеттің түсімі 38,4 пайызға өсіп, 3,91 триллион теңгеге дейін жетті;

жергілікті бюджеттің түсіміне қатысты жоспар 28,7 пайызға  (243 млрд теңге) асыра орындалды;

жыл басынан бері 58,7 мың жұмыс орны ашылды, оның 77 пайызы тұрақты жұмыс орны;

2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің қарқыны 6,5 пайызға дейін жетеді деген болжам бар;

сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлайтын 28 сейсмостанция орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Төтенше жағдай кезінде адамдар жиналатын 545 қауіпсіз орын анықталды;

медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандарты әзірленді;

жыл басынан бері өлім-жітім көрсеткіші 11 пайызға, ана өлімі 32,4 пайызға, бала өлімі 35,5 пайызға төмендеді;

білім беру саласында 4,9 мың оқушыға арналған 10 мектеп және 4 қосымша оқу корпусы салынды;

жыл соңына дейін қаладағы жасыл-желек көлемі жан басына шаққанда 12,3 шаршы метрге дейін ұлғаяды;

жыл басынан бері жасыл-желекті автоматтандырылған суару жүйесімен қамту көрсеткіші 3,4 есе өскен. Биылғы 9 айда 405 гектар аумақта жұмыс жүргізілді. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 587 гектарға дейін жеткізіледі;

Мемлекет басшысы қолдаған бастама аясында аудан әкімдіктеріне олардың бюджеттерін 3,1 есеге, яғни 184,3 миллиард теңгеге дейін ұлғайта отырып, 15 функция берілді;

бүгінде 196 мың шаршы метр жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 100 шақырымнан астам сумен жабдықтау және су тарту желілері салынды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындарды сапалы сумен, су бұру желілерімен қамтамасыз ету, инвестиция тарту жөніндегі шараларды күшейту, сондай-ақ Алматы агломерациясымен көлік байланысын жақсарту жөніндегі жобаларды одан әрі іске асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді