Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлем кубогында топ жарған елордалық спортшылар елге оралды

Әлем кубогында топ жарған елордалық спортшылар елге оралды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Дәстүрлі садақ атудан Оңтүстік Кореяның Ульсан қаласында өткен бірінші әлем кубогында жалпы есепте топ жарған спортшыларымыз елге оралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әуежайында спортшыларымызды дәстүрлі садақ ату федерациясының өкілдері, жақындары қарсы алды.

«Әлем кубогы деген атауы болғанымен, қатысушылардың саны жағынан әлем чемпионатынан кем болмады. Ең басты ауыз толтырарлықтай айтатын нәтижеміз – жалпы есепте топ жаруымыз.

Қарсыластар деңгейі де өте жоғары болды. Оңтүстік Корея, Малайзия, Аустралия мемлекеттері де еш қалыспады. Біз бұған дейін 30 және 70 метр қашықтықтағы бәсекелерде сайысқа түсетін едік. Осы жолы бірінші мәрте 90 мен 145 метр қашықтықта бақ сынадық. Соның өзінде 90 метрдегі командалық сайыста топ жардық. Қыр-сырларын түсіне бастадық. Енді келесі жылы бұл көрсеткіштерімізді жақсарта түсуге тиіспіз», - деді дәстүрлі садақ атудан ұлттық құраманың бас бапкері Диас Ахметов.

Айта кетейік, 31 қазан – 4 қараша аралығында өткен айтулы бәсекеде 32 мемлекеттен 535 спортшы сынға түсті. Олар жамбы (30 метр), пута (70 метр), таркса (90 метр), кунгда (145 метр) нысаналарында жүлдені сарапқа салды.

«Өздеріңіз білетіндей, Парламент төрінде 180 спорт түрін 60-қа дейін қысқарттық.

Ұлттық спорт түріне кіретін 11 спортқа да қаржы бөліп, қарайласатын уақыт келді.

Міне, ұлттық құрамамыз оқу-жаттығу жиынынан өтіп, толықтай киім-кешекпен жасақталды. 2025 жылдың басты жарыстарының бірі – әлем кубогында Қазақстан ең үздік екендігін ресми түрде дәлелдей білді. Ендігі жоспарымыз – желтоқсан айында дәстүрлі садақ атудан форум өткізіп, үздіктерді марапаттау. Ал 2026 жылы Қырғызстандағы VI Дүниежүзілік ойындарға тыңғылықты дайындалып, өз жерімізде Азия кубогын ұйымдастырсақ деген ойымыз бар», - деді садақ ату федерациясының президенті, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы.

Қазақстан құрамасы әлем кубогында 35 спортшысын қосып, нәтижесінде 2 алтын, 4 күміс, 3 қола медальді жеңіп алды.

Олардың арасынан Астана қаласынан Ербол Тапенов (90 метр, командалық сайыста алтын), Сабыржан Фариза (30 метр, күміс), Батихан Айкөркем (30 метр, күміс) жүлде тұғырынан көрінді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті